Бүгін №1 Заречный мектебінің алаңында ерекше, жүрекке жылы, ел рухын биіктеткен үлкен мереке өтті.

Бұл — ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын әрі «Жарқын Camp» жазғы лагерінің алғашқы патриоттық ауысымының ашылуы болды!
Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік Туының енгізілуімен және Әнұранның орындалуымен басталды.
«Жарқын Camp» лагерінің ашылу рәсімі барысында әр жасақ өзін таныстырып, көңілді, белсенді, достыққа толы жазғы демалыстың басталғанын паш етті. Балалар салтанатты түрде ант қабылдап, тазалық пен тәртіпті сақтауға, үлкендерді сыйлауға, белсенді қатысуға және бір-біріне құрметпен қарауға уәде берді.
Мектеп басшысы Алдамбергенова Карлыгаш Токбаевна құттықтау сөз сөйлеп, бұл лагердің балалар үшін тек ойын-сауық емес, рухани даму мен патриоттық тәрбие алаңы екенін ерекше атап өтті.
Мерекелік іс-шара барысында балалар мен ұстаздар «Мен қазақпын» әніне флешмоб билеп, әр қатысушының жүрегінде мақтаныш пен рухты ұялады.
Салтанатты іс-шараның шарықтау шегі — көлемі 24×12 метр болатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде жайып көрсету болды
Бүгінгі шара — баланың жүрегіне елге деген сүйіспеншілікті сіңіретін, болашаққа сеніммен қарауға үйрететін тағылымды тәрбие мектебі болды.

@kst_roo@kost__bilim@oqu_agartu_ministrligi@erlankalmakov@gani.beisembayev
@jailymektep

https://www.instagram.com/reel/DKe2bwuN1Lm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Добавить комментарий