№1 Зареченый жалпы білім беретін мектебінде отбасылық командалар арасында «Анам, әкем, мен – спорттық отбасы!» атты көңілді де әсерлі жарыс өтті. Іс-шара нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын дәріптеу мен есірткіге қарсы насихат жүргізу мақсатында өткізілді.
Жарысқа барлығы 6 ұйымшыл, тату отбасы қатысты. Әр командада төрт қатысушыдан: ана, әке және екі бала болды. Олар қызықты спорттық эстафеталарға қатысып, өздерінің ептілігін, бірлігін және шынайы командалық рухын көрсете білді. Әр кезең күлкіге, көтеріңкі көңіл күйге толы болды. Зал ішіндегі атмосфера нағыз мерекелік көңіл-күйде өтті.
Жанкүйерлер қатысушыларға шын жүректен қолдау білдіріп отырды, ал қазылар алқасы барлық тапсырмалардың әділ өтуін мұқият қадағалады. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орынды – «Ұлы рух» командасы иеленіп, үйлесімділігі мен жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Екінші орынды – табандылық пен шеберлік танытқан «Жігер Camp» командасы жеңіп алды.
Үшінші орынды – белсенділігімен және ұйымшылдығымен ерекшеленген «Достық» командасы қанжығасына байлады.
Барлық жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Бірақ ең бастысы – бұл қатысушылардың жүзіндегі бақыт, балалардың күлкісі және мұндай іс-шаралардың отбасылық құндылықтарды нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңыздылығын түсіну болды.
Мұндай мерекелер мынаны еске салады: дені сау, тату отбасы – мықты қоғамның кепілі әрі есірткісіз жарқын болашақтың негізі!
#есірткігежолжоқ#есірткісізболашақ#сауотбасы#спортбаршаға
https://www.instagram.com/p/DKhMw1ZsQe0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==